15:00, 19 Қараша 2012 | GMT +5
Қазақстан Президентіне қала әкімі А.Есімов Алматыны әлеуметтік жаңғыртудың келешегі туралы баяндады
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы өзінің резиденциясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовті қабылдады.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында қаланы дамытудың өзекті мәселесі талқыланды. Оның қатарында жаңа жол айырықтарының құрылыс барысы мен метрополитеннің екінші кезегі туралы сөз болды.
А.Есімов Қазақстан Президентіне қаланы әлеуметтік жаңғыртудың келешегі мен бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану жөнінде жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша қаланы одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту және өзекті мәселені шешу жөнінде нақты тапсырмалар берді.