09:15, 21 Сәуір 2011 | GMT +5
Қазақстан Президентінің Эстонияға мемлекеттік сапары жалғасуда
ТАЛЛИНН. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Эстон Республикасына мемлекеттік сапары жалғасуда.
Бүгін Н.Назарбаевтың Эстонияның экс-президенті Арнольд Рюйтелмен, Таллин мэрі Эдгар Сависаармен, сондай-ақ эстониялық ірі компаниялардың басшыларымен кездесулері жоспарланған.
Кеше, мемлекеттік сапарының алғашқы күні Елбасы Эстония Президенті Тоомас Ильвеспен келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесіне, сондай-ақ үкіметаралық екі келісімге қол қойылған болатын.