Қазақстан Президентінің Польшаға сапары тамыз айында күтіліп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Польша Республикасының даму вице-министрі Радослав Домогальски-Лабендзкимен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Ал бүгінде поляк тарапының ірі инвесторы болып саналатын «Polpharma» компаниясымен ойдағыдай ынтымақтастық бөлек аталып өтілді.

Тараптар Қазақстан Президентінің 2016 жылғы тамыз айына жоспарланып отырған Польшаға сапары ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретініне сенімдерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар