Қазақстан Президентінің Ватиканға сапары әлемге Н.Назарбаевтың кешенді көшбасшылығының үлгісін паш етеді - саясаттанушы Ю.Солозобов

АНА.  Қарашаның  4-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ -   Қазақстан     басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың Ватиканға жасағалы  отырған  сапарына    орай  Ресей  Ұлттық стратегиялық  институтының  халықаралық   жобалар  директоры,  саясаттанушы Юрий Солобозов  пікір  білдірді.
None
None

   - Қазақстан  Президенті  Н.Назарбаевтың Ватиканға    жасағалы  отырған  сапарын қалай бағалайсыз?

  - Қазақстанның  халықаралық   беделінің  тағы бір  танылуы  сияқты кезекші     тіркеспен   шектелуге  де болар. Бірақ  менің  ойымша,      Рим Папасы Бенедикт XVI және  Қазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сияқты     әлемдік  деңгейдегі көшбасшылардың кездесуін  қарапайым саяси  сызғышпен  өлшеуге  болмайды.     Иосиф  Сталин  кезінде.  «Рим Папасының  дивизиясы  қанша?...»  деп   мысқылдаған  екен.  Бірақ генералиссимус дөрекі күштің  бағасын  тым асыра бағалап,   маңызды бір  факторды -  моральдық көшбасшылықты бағалай алмады.  Ешқандай  саяси  немесе  идеологиялық   гегемонияның     моральдық   көшбасшылықсыз   алысқа кете алмайтынын    уақыттың  өзі көрсетіп  отыр.  Және  Ватиканда өткелі  отырған  кездесу, менің  ойымша,     бойында зияткерлік  инновациялар  мен  дәстүрлі  бедел  үйлесім тапқан    Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  кешенді  көшбасшылығының  үлгісін  әлемге    паш етеді.   Бұл  кездесуден   үміт көп.    Себебі Бенедикт XVI мен   Нұрсұлтан Назарбаев, қазіргі экономикалық    дағдарыстың адамгершілік  себептерін  тіке  көрсеткен     алғашқы әлем көшбасшылары  болды.   Бұл дағдарыс   қазіргі  заманғы  әлемнің       олқы тұстарын  -   әлемнің  керегі  аз  материалдық      дүниелер  мен    құжаттарға  сүйеніп келгенін көрсетіп  берді. Шынайы,  рухани  құндылықтар мен    саналы  идеялардың  жетіспеушілігін   ашып көрсетті.   Бүгінде ғаламшарда  ең басты  мәселе  -   тығырықтан шығар   жолды көрсететін   ірі  тұлғалардың жетіспеуі.    Тура  жолды  әлем   таныған     жетекшілер ғана көрсете алады.   Өз бойларында    даналық  пен прагматизмді,    әділдік пен   жоғарғы моральды үйлестірген     қайраткерлер  ғана    көрсете алады.  Міне,   солардың санатына Рим  Папасы мен  Қазақстан  Президентін  жатқызуға болады.  Бұл  кездесу  сондықтан да маңызды!

      Дін басшыларынан  айырмашылығы сол, Нұрсұлтан  Назарбаевтың басым тұстары  бар - ол     заманауи  әлемге  ашық  тұлға.   Ол    нақты теологиялық  догманың     қатаң аясымен шектелмеген.    Оған    Елбасының бастамасымен   Астанада  дәстүрлі түрде  өтіп  тұратын,  барлық негізгі конфессиялар тарапынан  мойындалған  Әлем және дәстүрлі діндер  басшыларының    съездері  де    дәлел бола алады.   Тағы бір  дәйек.    Рим Папасы  және,  мәселен,  Далай-Лама     шағын мемлекеттердің формальды басшылары  болып  табылады.  Ал Нұрсұлтан   Назарбаев -    әлемге өзін кеңінен танытып  келе   жатқан          күшті  мемлекет -   Қазақстанның   басшысы. Сондықтан да Қазақстан  Президенті   замананың   негізгі  проблемалары  бойынша      біртұтас  бастамалар   ұсына  отырып,    замана  тарихына  әсер етудің     үлкен тетіктеріне ие.

   - Ватикандағы  кездесуде қандай  мәселелер  талқылануы мүмкін деп ойлайсыз?

    - Екі елдің  де  ұстанымдарында    ортақ  мәселелер  көп.   Естеріңізге сала кетейін,  Рим   Папасы,   жаһандық  қаржы дағдарысының   ақшаға деген  сеніммен  байланысты   амбициялардың  құр бекер екенін  көрсеткенін мәлім етіп еді. Рим Папасы Бенедикт XVI  тіпті,   экономикалық  дағдарыс  туралы «Ақиқаттағы  ізгілік»  деп аталатын  арнайы  энциклика  да  шығарды. Понтифик  ол  мәлімдемесінде,    дағдарыс  құбылыстарын  еңсеру  үшін,    экономиканың мемлекет  тарапынан   реттелуін күшейтуге   үндеді.   Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Дағдарыс кілті»  және «Бесінші  жол»      еңбектерін       назар  салып оқыған  адам,        үндес  ой-пікірлерді  байқар еді.

 Ал Астанада  өткен   Әлем және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезінде   Қазақстан  Президенті, әділ  және  оңтайлы жаһандық   экономикалық     құрылым  құру   және    үйлесімді  халықаралық қатынастар орнатуға      дәл осы адамгершілік  тетіктердің     негіз  болу керектігін       мәлім етті.  Ортақ   тақырып   табылатыны анық.

 Кездесуде сөз болуы    мүмкін  тағы бір  маңызды тақырып - ядролық қарусыз  әлем   проблемасы.   Рим Папасы Бенедикт  XVI    ғаламшарды   ядролық қару-жарақтан тазарту туралы «босатылған   қаражаттар    қоғамның игілігіне,   бірінші кезекте,     халықтың ең  кедей     санаттарын  қолдауға    жұмсалсын»  деген   бірнеше  үндеу    жасады.

 Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев      та   Ядролық  қаруды    таратпау  туралы      жаңа әмбебап  шарт жасау туралы        ұсыныс  жасап  отыр.  Ядролық қарусыздану   ісіне  Президент     Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке  қосқан үлесі  ерен.    Қазақстан    әлемдегі    төртінші  ядролық   арсеналдан бас тартты  және  әлемдегі   ірі  ядролық  полигонды  жапты.   Менің  ойымша,  Президент Н.Ә.Назарбаев    өзінің  ядролық қарусыздандыру  туралы бастамалары мен        осы  салаға қосқан қомақты  үлестері  үшін     Нобельдік   әлем сыйлығына лайық   болғалы  қашан. Ватикан      ғаламшардың басты  бітімгері   деген  атаққа   Н.Назарбаевтың  кандидатурасын  ұсына  алар еді.

  - Сұхбатыңызға рахмет.

Соңғы жаңалықтар