Қазақстан Ресей арқылы мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі келісімшартқа өзгерістер енгізуге мүдделі - Ө. Шөкеев

анның 29-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеев Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Игорь Сечинмен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Кездесу барысында Ө. Шөкеев ортақ кедендік аймақты құру кезінде тауар тасымалдау саласында екі ел үшін бірдей жағдай жасау мәселесін атап өтіп, инфрақұрылымдық теңдікті қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше тоқталды. «Шыны керек, бізде қордаланған кейбір проблемалар 10 жылдан бері өз шешімін таппай келді. Қазір осы бағыттағы ортақ келісімдер мен  жетістіктер бізді қуантады», деді Ө. Шөкеев.

Премьер-Министрдің бірінші  орынбасары атап көрсеткеніндей, алдағы уақытта Қазақстан темір жолы мен Ресей темір жолы компаниялары арасында жүк тасымалдауға арналған келісімшартты рәсімдеу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ тауар тасымалдаудың ортақ тарифтерін белгілейтін Үкіметаралық келісімге және қазақстандық мұнайды тасымалдауға арналған құжатқа қол қою көзделген. «Соңғы құжат бойынша біз 2002 жылы рәсімделген келісімге өзгерістер енгізуге мүдделі болып отырмыз», дейді Ө. Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар