Қазақстан, Ресей, Қырғызстан ғалымдары құқықтық заңнамаларды жетілдіру мәселесін талқылады

ПАВЛОДАР. 19 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда болған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда қазіргі заманғы құқықтық саясаттың мәселелері мен даму үрдісі талқыланды,
None
None

деп хабарлады заң колледжінің аға лейтенанты Гүлжан Әбдуғалиева.

140 ғылым қайраткері, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мемлекеттерінің күш құрылымдар мекемелерінің оқытушылары мен курсанттары жас мемлекеттің заңнамаларын жетілдіруге бағытталған өздерінің ұсыныстары мен идеяларын ортаға салды.

Кәмелеттік жасқа толмаған атан-аналардың мәртебесі, ипотекалық несиелендіруді түсіне білу, неке келісімінің құқығы жайында пікірталас болды.

Конференцияның қорытындысы бойынша, оған қатысушылар әділет және құқық саласындағы теория және тәжірибе жүзінде болған жұмыс тәжірибелерімен алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар