Қазақстан-Ресей шекарасында «Терісаққан» шекара заставасы кешені пайдалануға берілді ? ҚР ҰҚК

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат – Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «Батыс» аймақтық басқармасы Ақтөбе шекара жасағының «Терісаққан» шекара заставасы кешені пайдалануға берілді.
None
None
Жаңа шекара заставасы кешенінің жалпы құны ? 241 млн. теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шекара заставасының жаңа кешенінде әскери нысандар құрылыстарының заманауи талаптарына сәйкес барлық қызметтер көзделген және ең бастысы ? офицерлік құрамға тұрғын үй және келісімшартпен қызмет етуші әскери қызметшілер үшін жатақхана бар. «Терісаққан» ? Шекара қызметі «Батыс» аймақтық басқармасының шекара бөлімшелеріндегі пайдалануға берілген тұңғыш үлгілік шекара заставасы. Жалпы алғанда Шекара қызметінің бөлімшелерінде жыл аяғына дейін жалпы құны 8 млрд. 143 млн. теңге болатын 30 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар