Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері 29 сәуірде Минскіде кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 29 сәуірде Минскіде мемлекет басшылары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысында бас қосады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметінен.
None
None

"Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері Кеден одағы (КО) және Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) аясындағы өзара іс-әрекеттің негізгі бағыттарын талқылайды, үш ел үкіметтері мамырдың аяғында қол қою мақсатында Еуразиялық экономикалық кеңістік туралы шарт жобасын дайындау жөнінде жасалған жұмыстарды қорытындылайды", - деп жазылған хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Армения мен Қырғызстанды КО мен ЕЭК-ке қосуды қамти отырып, еуразиялық экономикалық ықпалдастықтың қатысушылары құрамын одан әрі кеңейту мәселелері қаралды.

Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысын бастауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар
Референдум