Қазақстан Ресейден келетін алкоголь өнімдерін КО талаптарына сәйкестендіру үшін «өтпелі кезең» енгізді

Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, шешім қазақстандық-ресейлік техникалық консультациялар және жұмыс тобының талқылаулары нәтижесінде қабылданды. Оның барысында ресейлік тарап қазіргі орын алып отырған сәйкессіздіктерді мойындады және оларды жою үшін уақыт беруге өтініш жасады.
Бұдан басқа, ҚР ҰЭМ Комитеті қазақстандық импортерлердің және ресейлік өндірушілердің өтініштерін назарға алды. Нәтижесінде, ҚР ҰЭМ Комитеті «өтпелі кезең» енгізді. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін импортер-кәсіпкерлер алкоголь өнімдерін Кеден одағының тағам қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келтіруі қажет.
«Қабылданған шешім туралы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының уәкілетті органдарына хабарланды. ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның салауаттылығы саласында қадағалау жөніндегі федеральдық қызмет (Ресейтұтынуқадағалау) Қазақстанның тұтынушылық нарығын қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыратын болады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Кеден одағының тағам қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін Ресей Федерациясының мынадай алкоголь өнімдері анықталған болған: «Талка», «Империя», «Дикий гусь», «Зеленая марка «Ржаная», «Русский гарант качества», «Рублевка», «Посольская» арақтары; «Miller Genuine Draft», ақ «Hoegaarden White» сыра сусындары; «Grolsch» Premium Lager»», «Brahma», «Pilsner Urguell», дәмі жұмсақ барлық «Жигули», тұпнұсқалық «Жигулевское», «Бад», тұпнұсқалық «Lowenbrau Original» сыралары.