Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін қайта құру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған кеңес өтті - Маңғыстау облысы

АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - Сенбі, тамыздың 21-і күні Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Елбасы Жарлығын орындау мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
None
None

Кеңеске прокуратура, облыстық сот, құқық қорғау және бақылау органдарының басшылары, облыс қалалары мен аудандарының әкімдері қатысты. Облыс прокуроры Сабыржан Бекбосынов құқық қорғау органдары мен соттарды қайта құрудың, қылмыспен күрес жүйесін ізгілендірудің негізгі бағыттары туралы хабарлама жасады.

Өз кезегінде, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев барлық мүдделі органдардың алдына құқық қорғау жүйесін қайта құру және жаңарту саясатында жедел және тиімді жұмысты қамтамасыз ету жөніндегі нақты міндеттер қойды.

Соңғы жаңалықтар