21:50, 20 Қараша 2012 | GMT +5
Қазақстан Республикасының Президенті Француз Республикасына жұмыс сапарымен келді
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Сапар аясында Қазақстан басшысының Франция Президенті Франсуа Олландпен келіссөздері жоспарланған. Онда екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады.
Сонымен қатар, екі елдің басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырады, бірлескен құжаттарға қол қояды.
Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Француз Республикасының саяси және іскер топтары өкілдерімен кездесуі күтілуде.