Қазақстан саясаткерлері тәуелсіздік жылдарында елдік даму жолын өз бетінше таңдай білді - Ю.Солозобов
Еске сала кетейік, жиын «Қазақстан-2050»: жүзеге асырудың алғашқы қорытындылары мен өзекті мәселелері» тақырыбына арналған болатын. Сөз арасында ресейлік саясаткер Қазақстанның саясаттанушылар конгресінің дәл осы Астанадағы Назарбаев Университетінде, Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы аса маңызды құжатқа қол қойылар датаның қарсаңында өтуінің символикалық мәні бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, осының өзі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың саяси институттарды дамытуға қаншалықты назар аударып отырғанын көрсетеді. Ал аталмыш институттар арасында саяси сараптамалар және саясаттану қоғамдастығының институттары да маңызды рөл атқарады.
«Жалпы Қазақстанның саясаттану қоғамдастығы тәуелсіздік жылдары буыны бекіп, нығая түсті. Соның ішінде қазақстандық саясаттанушылар «балғындық кезеңде жиі шалдығатын» сыңаржақтылық ауруынан, батыстық стандарттарды көшіре жапсыру «қақпанынан» айналып өте алды. Саясаткерлер Қазақстанды дамыту мен жаңғыртудың өзіндік жолын өз бетінше таңдап, зерделеді, ал бүінгі күні осынау бағытты әлем елдері «Қазақстандық даму жолы» деп атап кетті. Осының барлығы билік тарапынан белгілі бір деңгейде жоғары бағаланды», - деді Ю.Солозобов.
Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық саясаткерлер қауымдастығы бүгінгі таңда толығымен қалыптасты.