Қазақстан - серпінді дамып келе жатқан, тұрақты ел және біздің өзара қарым-қатынастарымыз өрістей береді - Чехия Президенті

ПРАГА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Чехия басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Вацлав Клаус екі елдің министрлері мен іскерлік орталары өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда өткен келіссөздердің қорытындылары бойынша БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингісін өткізді.
None
None

Брифингі кезінде ЧР Президенті В.Клаус Чехия Қазақстанды бірқатар мәселелер бойынша маңызды әріптес санайтынын атап көрсетті. «Біз Президент мырзамен түрлі халықаралық кездесулердің алаңдарында көп кездестік. Соңғы рет Лондонда биылғы жылдың жазында өткен Олимпиада ойындарында кездесу мүмкіндігіне ие болдық.

Соңғы екіжақты келіссөздер менің 2004 жылы Қазақстанға жасаған сапарымның барысында өтті, ал бұл елеулі мерзім және қазір оны нағыз жалғастыратын уақыт. Мен Президент мырзаны біз Қазақстанды бірқатар мәселелер бойынша әріптес санайтынымызға және ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екендігімізге сендірдім», - деп атап өтті В.Клаус.

«Біз экономикалық қатынастарды арттыруға баса назар аударамыз, ол өсіп келе жатқанмен, біз әлі де әлеует бар екендігін түсінеміз», - деп қосты Чехия Президенті.

Сондай-ақ ол осы жолғы сапардың барысында Чехия мен Қазақстан арасындағы өзара қатынастарға жаңа серпін беруге жақсы мүмкіндік бар екенін атап өтті.

«Қазақстан серпінді өсіп келе жатқан, орнықты ел деп санаймыз. Мен біздің өзара қатынастарымыз өрістей беретініне сенімдімін», - деп мәлім етті В.Клаус Прага Грады резиденциясындағы брифингіде.  

Соңғы жаңалықтар