13:17, 02 Наурыз 2012 | GMT +5
Қазақстан Сеулде өтетін жаһандық ядроға қарсы саммитте жаңа ұсыныстар жасайды - Елбасы
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Сеулде өтетін жаһандық ядроға қарсы саммитте жаңа ұсыныстар жасайды.

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Жаһандық шараларға қатысу - Қазақ елінің алдағы онжылдықтағы сыртқы саяси стратегиясының мәні екендігіне тоқталған ҚР Президенті: «Қазақстан өңірлік және әлемдік саясаттағы лайықты бастамашы ойыншы болды және болып та қала береді. Біз Семей полигонын жаптық, ядролық қаруға ие болудан бас тарттық және барлық елдерді ядросыз әлемнің ортақ декларациясын қабылдауға үндейміз. Біздің ядролық қаруға шектеу қою үшін жаһандық қозғалысқа қатысуымыз саналы әрі түбегейлі. Біз Сеулде өтетін жаһандық ядроға қарсы саммитке белсенді қатысуға, жаңа ұсыныстар жасауға ниеттіміз», - деді.