Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған қырғызстандық әйел ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қараша күні Ақтөбе стансасы Жайсан станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Бішкек-Москва» бағытындағы жолаушылар пойызынан 37 жастағы Қырғызстан азаматшасын ұстады, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасө қызметінен.
None
None

«Тексеру барысында азаматша өзге біреудің атына берілген құжатты пайдалану арқылы Бішкектен Москваға дейін ҚР шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтпекші болғаны анықталды», делінген хабарламада.

Қазір осы факті бойынша, ҚР ҚК 330-бабымен, яғни Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан әдейi заңсыз өту мәселесі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар