Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Орталық Азияда бірінші, ТМД арасында екінші орында тұр

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан соңғы он жыл ішінде шетелден тартылған тікелей инвестициялар көрсеткіші бойынша Орталық Азияда бірінші, ТМД аумағында екінші орынға иеленіп отыр
None
None

Бүгін елордада өтіп жатқан IV Астаналық 'кономикалық форумы аясындағы ІІ Халықаралық инвестициялық форум барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы Асылхан Серіков осылай мәлім етті.

Комитет төрағасының айтуынша, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1993 жылдан бастап Қазақстанға 120 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Бұл өсім динамикасының оң қарқынын білдіреді. Сонымен қатар, Қазақстан соңғы он жылдағы тікелей шетелдік инвестиция жиынтығы бойынша Орталық Азияда - бірінші орынды, ал ТМД елдері бойынша екінші орынды иеленіп отыр. Сондай-ақ еліміз халықтың жан басына шаққандағы жинақталған шетелдік инвестициялар ауқымы бойынша өңірде һәм ТМД елдері арасында лидер болып табылады.

«2010 жылы өңдеуші өнеркәсіпке 2 млрд. доллар тартылды. Бұл 2009 жылғы көрсеткішке қарағанда 17 пайызға артық. Бұның өзі еліміздің шикізаттық сектордан жоғары қосылған құн салығы бар өңдеуші секторға ауысуы бойынша экономикалық саясаттағы оң үрдісін білдіреді. Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізуге қатысты заңнаманы әділ бағалайтын рейтингісі бойынша Қазақстан 183 елдің арасында 59 орында тұр. Бұл көптеген ТМД елдері арсындағы жоғары көрсеткіш. Ал бүгінгі күні Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен 8 мыңнан астам компания жұмыс істеуде», - деді А. Серіков.

Соңғы жаңалықтар