Қазақстан Шри-Ланкаға бидай экспорттай алады - ҚР Премьер-Министрі

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Шри-Ланкаға бидай экспорттай алады. Бұл туралы бүгін Астанадағы «Rixos» қонақ үйінде өтіп жатқан Қазақстан-Шри-Ланка бизнес форумы барысында сөз сөйлеген ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов мәлім етті.
None
None

«Қазақстан әлемнің ірі бидай экспорттаушы елдерінің ондығына кіреді. Сонымен қатар, біздің еліміз бүгінгі таңда әлемнің 70-тен астам мемлекетіне астық жеткізіп отыр. Ал алдағы маркетингтік жылы біз шамамен 12 млн. тоннаға дейін астық экспортын жоспарлаған болатынбыз. Бұл ретте айта кетерлігі, біз Шри-Ланкаға астық экспорты бойынша мүмкіндіктерді қарауға дайынбыз», - деді форум барысында сөз сөйлеген  Серік Ахметов.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы бизнес-форум Шри-Ланка Социалистік Демократиялық Республикасының Президенті Махинда Раджапаксаның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтуде.

Соңғы жаңалықтар