Қазақстан ШЫҰ-ға мүше-елдерді трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалануда өзара әрекеттестікке шақырды

БІШКЕК. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан ШЫҰ-ға мүше-елдерді трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалануда өзара әрекеттестікке шақырады.
None
None

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қырғызстан астанасында өткен ШЫҰ-ға мүше-елдер Үкімет басшыларының кеңесінде айтты.

«Өңірдегі және жалпы әлемдегі қиын экологиялық ахуал қоршаған ортаны қорғау саласында өзара әрекеттестікті белсенді етуді талап етеді. Маңызды кешенді проблемалардың бірі трансшекаралық экожүйелерді, бірінші кезекте, көлдер мен өзендерді қорғау және бірлесіп пайдалану болып табылады», - деді С.Ахметов.

Онымен бірге, ҚР Үкіметінің басшысы ШЫҰ-ға мүше-елдердің мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы, жастар ұйымдары мен төтенше оқиғалардың алдын алудағы ықпалдастығы оң бағаға лайықты екендігін атап өтті.

«ШЫҰ-ның желілік университеті мен  жастар кеңесі жобаларын, ғылыми-техникалық ықпалдастық туралы келісім жобасын перспективалы деп білеміз, ықпалдастықтың тауарлы бағыты қолдау табатынына және ол дамытылатынына үміттіміз», - деп түйді С.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар