Қазақстан - Солтүстік пен Оңтүстік және Еуропа мен Азия арасындағы географиялық және саяси көпір - Женевадағы кездесу
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
А.Волков сессияда сөйлеген сөзінде біздің еліміздің БҰҰ жүйесі мекемелерімен ынтымақтастығын және тұрақты даму бағдарламасының аталған ұйым қамқорлығымен іске асырылатын негізгі бағыттары туралы айтып берді. Қазіргі уақытта Қазақстанда БҰҰ-ның 17 мекемесі мен агенттіктерінің жұмыс істеуі екі жақты өзара әрекет етудің жоғары деңгейін көрсетуде.
«Қазақстан - Солтүстік және Оңтүстік, Еуропа мен Азия арасындағы географиялық және саяси көпір ретінде маңызды. Сондықтан біздің еліміз халықаралық бастамаларды іске асыруда ынтымақтастыққа ықпал етуге сәйкес келеді», - делінген баспасөз қызметінің хабарында.
А.Волков сондай-ақ экология, еңбек көші-қоны, діни экстремизм, лаңкестіктің есірткі трафигі және әлеуетті қатері сияқты ортақ мәселелерді шешуде көрші елдермен ынтымақтастықты кеңейту қажеттігі туралы мәлімдеді. Осыған байланысты Қазақстан көзқарасы тұрғысынан стратегиялық шешімдердің бірі - аймақтық даму, қауіпсіздік және тұрақтылыққа ықпал ету платформасы бола алатын Алматы қаласында БҰҰ аймақтық орталығын құру.
«Қазақстан халықаралық қатынастардың ғаламдық архитектурасын нығайтуға атсалысады. Әлемдік көлемде де, аймақтық өлшемде де оқиғалар мен құбылыстарды сараптау қажеттігі пісіп жетілді», - деп баса айтты Қазақстан делегациясының басшысы.
Осыған байланысты БҰҰ мекемелері мүше-мемлекеттер сенімділігін нығайту және халықаралық күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша тең құқылы диалогын әрі қарай дамыту саласында маңызды рөл атқарады.
«Қазақстан өкілінің сөйлеген сөзі БҰҰДБ әкімшісі Хелен Кларктың, Қытай, Жаңа Зеландия, Қырғызстан делегациясы басшыларының және іс-шараға басқа да қатысушылардың нақты қызығушылығын және қолдауын туғызды», - деп айтылған баспасөз қызметінің хабарында.
Сондай-ақ, баспасөз баянында ЭКОСОС Субстантивті сессиясының жұмысы ағымдағы жылғы 26 шілдеге дейін жалғасатыны атап айтылған.