Қазақстан соңғы бес жылда 50 миллион АҚШ долларынан асатын көлемде гуманитарлық көмек көрсетті

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан соңғы бес жылда 50 миллион АҚШ долларынан асатын көлемде гуманитарлық көмек көрсетті.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Оның айтуынша, Сомалиде болған дағдарыстарға көмек ретінде Қазақстан үкіметі жарты миллион доллар көлемінде қаржыны Ислам ынтымақтастық ұйымының есебіне аударған. Сонымен қатар елімізде Ауғанстан бағыты бойынша да біраз іс-шаралар атқарылуда. Осы жылы 79 ауған студенті Қазақстанға оқуға келді.

«2011 жылы Ауғанстан Ислам Республикасына жәрдем беру Қазақстан үкіметінің гуманитарлық бағыттағы бас стратегиялық бағыттарының бірі болған еді. Қазақстан үкіметі күріш және мұнай, отындарды Ауғанстанға жеткізу бойынша біраз іс-шаралар атқарды. Қырғызстанға да әскери көмек ретінде 3 миллионға жуық техника жеткізілді. Жапониядағы жер сілкінісі салдарынан орын алған қауіп-қатерге байланысты үкімет 1 миллион АҚШ долларын бөлді. Ал Чернобыль жобаларын жүзеге асыру үшін Қазақстан үкіметі 2 миллион долларға жуық қаржы бөлді»,-деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар