Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына қосылуға талпынуда - Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров

БРЮССЕЛЬ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобына (ГРЕКО) қосылуға талпынуда. Бұл туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) төрағасы Қайрат Қожамжаров Еуропарламентте жемқорлықпен күресудің қазақстандық тәжірибесін таныстыру кезінде мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, қазіргі таңда республикада сыбайлас жемқорлыққа қарсы екі Страсбург конвенциясына қосылу жөніндегі мемлекетішілік процедуралар жүргізілуде. «ГРЕКО ұйымына қатысушы елдердің стандарттарының талаптарына сай болу үшін, Қазақстан мойнына өз заңнамасын өзгерту немесе жетілдіру жөніндегі үлкен міндеттеме алатынын біз түсінеміз. Қазақстан оған әзір. Біз бұл қадамға саналы түрде барып отырмыз», - деді Қ.Қожамжаров өз сөзінде.

Осыған байланысты қаржы полициясының басшысы еуропалық шенеуніктерді жоғарыда аталған конвенцияларды ратификациялау және ГРЕКО ұйымына қосылу туралы Қазақстанның бастамаларын қолдауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар