Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» пойызының екінші ақпараттық-үгіт туры аяқталды

Мерекелік құрам Алматы облысының Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласында соңғы аялдама жасады, мұнда отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт болып, мерекелік отшашумен аяқталды.
Естеріңізге ала кетейік, екінші ақпараттық-үгіт туры Астанадан 10 қыркүйекте аттанған болатын. Мерейтойлық акция ауқымында 17 күн бойы әлеуметтік, заңгер мамандары, сондай-ақ дәрігерлер мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының өкілдері Қазақстанның әртүрлі аймақтарында болып, халыққа консультациялар ұйымдастырды. Елдің батыс және оңтүстік өңірлеріне сапар барысында 12 аудан орталықтарында халықты толғандырған мәселелердің шешілуіне көмектесті. Бұдан басқа, шалғайдағы аудандардың тұрғындары медициналық тексеруден өтті.
«Менің Қазақстаным» пойызының үшінші соңғы мерекелік туры ағымдағы жылғы қараша айында өтеді.