Қазақстан Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде өте дамыған мемлекетке айналды - Әзірбайжан сыртқы істер министрі Э.Мамедьяров

None
None
БРЮССЕЛЬ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстан Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде өте дамыған мемлекетке айналды. Брюссельде сапарда жүрген Әзірбайжан сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяров ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында біздің елімізге осындай баға берді.

Әзірбайжан сыртқы саясат ведомствосының басшысы атап өткендей, Әзірбайжан мен Қазақстан арасында әсіресе екі мемлекеттің басшылары деңгейінде өте тығыз байланыс орнаған. «Нұрсұлтан Әбішұлы өте дана саясаткер, осы 20 жыл ішінде Қазақстан өте дамыған мемлекетке айналды», - деді Э.Мамедьяров.

Әзірбайжан сыртқы істер министрінің айтуынша, оның өзі Астананың осы жылдарда бұлайша қатты өзгеретінін күтпеген. «Астанаға келген сайын оның үнемі өзгеріп, құлпыра түскенін көремін. Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру тәуекелшіл деп айтпасақ та, батыл қадам болды, деп санаймын. Шынын айту керек, Астана бұл үмітті ақтады, ол әлемдегі әсем қалалардың біріне айналды», - деп атап өтті Э.Мамедьяров.

Қазақстандықтарды ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтай отырып, Әзірбайжан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстан өзінің қарқынды дамуын жалғастыра түсетініне сенімін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар