«Қазақстан Темір жолы» Павлодарда қағазсыз құжат ресімдеу жүйесін енгізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз станциясының пилоттық полигонында шарттық және коммерциялық жұмыс автоматтандырылған басқару жүйесін (ШКЖ АБЖ) енгізді. Қазіргі уақытта құжаттарды қағазсыз ресімдеу технологиясы Павлодар облысында қолданылады. Жаңа жүйе жүкті жіберушілер мен қабылдап алушыларға қызмет көрсетуде темір жолшылардың жұмыс сапасын арттыра түспек, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

ШКЖ АБЖ тапсырмалдарды ұйымдастыру үдерісін автоматтандыруды, құжаттарды рәсімдеу, жүк тасымалдарының төлемақысы, алдын ала электронды ақпараттандыру секілді операцияларды қамтиды. Шарттық және коммерциялық жұмысты басқарудың жаңа жүйесі оң нәтиже көрсетіп жатыр. Бұл технологияны жүк жіберушілер заманауй әрі ыңғайлы деп бағалады. Қағазсыз технологияға көшу көптеген келісімдер мен бекітулерден босатып, жұмыстың тиімділігін арттырады. - Бұрын көмірді тиісті жеріне жөнелту үшін тапсырысты тек жүкті шығаратын Атығай стансасына ғана емес, Павлодар жол бөлімшесіне де жіберту керек болаты. Қазір барлығы өте ыңғайлы. Құжаттарды кеңседен шықпай әзірлейміз,- деді «Ангренсор Энерго» ЖШС логистика бөлімшесі бастығының орынбасары Данара Абдилдина. Ол сондай-ақ, клиент/төлеушінің жеке шотында ақша қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін, «Жүк тасымалдарын есептеу үшін тұтынушының жеке кабинеті» қызметінің ыңғайлылығын атап өтті. Келесі жылдан бастап, шарттық және коммерциялық жұмысты басқарудың жаңа жүйесі (ШКЖ АБЖ) Қазақстанның бүкіл аумағында қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар