«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президенті Маңғыстау облысында осы саланың жұмысымен танысуда

АҚТАУ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/- Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Алдымен Маңғыстау теміржол бөлімшесінде болған компания басшылығы бөлімшенің даму барысымен және вокзал ғимаратын жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұдан соң теміржол қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, мекеменің 2008 жылғы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. А. Мамин мырзаның жұмыс сапары Ақтау қаласында теміржол саласы қызметкерлеріне пәтер кілттерін тапсыру және өңірде салынатын теміржол жобаларына қатысты өткізілген жиынмен жалғасты.
Соңғы жаңалықтар