«Қазақстан темір жолының» басшылығы Теміржол ынтымақтастығы ұйымының конференциясына қатысуда
Мәжілістің жұмысын ашқан «Рохи охани Точикистон» («Тәжік темір жолы») мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының бастығы Амонулло Хукуматулло, осынау өткізіліп отырған шара мен онда қабылданатын шешімдердің Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымының мүшелері үшін маңызды екенін атап көрсетті.
Пленарлық отырыста күнтәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша Еуразиялық теміржол кеңістігіндегі халықаралық қатынастарда жолаушылар және жүк тасымалдарын ұйымдастыруды әрі қарай жетілдірумен байланысты оң шешімдер қабылданды.
Пленарлық отырысқа Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Вьетнам, Қазақстан, Қытай, Корея, Латвия, Литва, Моңғолия, Польша, Ресей, Словакия, Румыния, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Чехия және Эстония елдерінің теміржол әкімшіліктерінің бас директорлары мен жауапты өкілдері қатысты. Делегация басшыларын бүгін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қабылдайды.