Қазақстан төрағалығы барысында барлық түркі тілдес елдер Түрк ПА-ға жұмылады деп сенемін - Оқтай Асадов

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан төрағалығы барысында барлық түркі тілдес елдер Түрк ПА-ға жұмылады деп сенемін. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесуі барысында Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің төрағасы Оқтай Асадов осылай мәлімдеді.
None
None

«Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясын құрудың бастамасында тұрған тұлға. Тоқтала кететін тағы бір мәселе бар. Біз өзіміздің парламентаралық қарым-қатынастарымызды, оның ішінде түркі тілдер мемлекеттердің парламенттік Ассамблеясының жұмысын дамытуға тиіспіз. Дегенмен де, біз күні бүгінге дейін барлық түркі тілдес мемлекеттердің ТүркПА-ға жұмылуын жүзеге асыра алмай келеміз. Бүгін өтетін ТүркПА кеңесінің отырысында ұйымға төрағалық Әзірбайжаннан Қазақстанға өтетіні белгілі. Сондықтан да, біз Қазақстан төрағалығында түркі тілдес мемлекеттердің барлық парламентшілерінің басын қосу міндеті жүктелмек. Біз де осы тілекті жеткізгіміз келеді. Мен жақын келешекте біз арқылы, әйтпесе біздің жақтастарымыз арқылы осы мәселенің түбегейлі шешім табатынына сенімдіміз», - деді О. Асадов.

Сонымен қатар, мәртебелі мейман Қазақстанның Орталық Азияда ғана емес, халықаралық аренада беделі артып отырғанын айта келе, бауырлас елдерді біріктіруді ортақ шараларды жүзеге асыра түсу мәселесіне назар аудартты. «Мен бұрынғы Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ-дағы Жоғары лауазымымен құттықтаған болатынмын. Бұл біздің ортақ қуанышымыз. Түркі жұртының ұландары халықаралық ұйымдарда отырып, қызмет жасауы біздің беделімізді де арттырады», - деді Милли Меджлисінің төрағасы.

Соңғы жаңалықтар