Қазақстан төртінші «алтын» медалін жеңіп алды - Олимпиада-2012 жетінші күнінің қорытындысы

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше Қазақстан ұлттық құрамасының  жанкүйерлері ауыр атлеттеріміздің тағы бір жарқын жеңісіне куә болды.
None
None

75 келіге дейінгі салмақ санатында жарыс жолына шыққан зілтеміршіміз Светлана Подобедова серпе көтеруде Олимпиада рекордын жаңартумен қатар, екі сайыстың қорытындысында 291 келілік (130+161)  салмақты бағындырып, Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алды. Осылайша ол Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына төртінші алтын медальді салды.

Спортшымыздың осы жеңісіне орай өткізілген баспасөз мәслихатына жиналған  жаттықтырушылардың да, спортшылардың да, тілшілер мен жанкүйерлердің де көңілі көтеріңкі болды.   

«Бұл бірнеше жылдан бергі екі ел арасындағы бәсеке болатын. Ресейліктер бізді тактикалық тұрғыдан екі жақтан қысым көрсету үшін  спортшыларын 69 келіде жарыс жолына шығарған жоқ. Дегенмен, олар біздің Анна Нұрмұхамбетова  өнер көрсеткен салмақ санатында жарыс жолына шыққанында, корейлік спортшыны еркін жеңер еді. Бірақ олар бізге қарсы екі спортшысын, рекордшысын  шығарды. Бізге өте қиын болды»,  - деді ауыр атлетикадан ҚР құрамасының жаттықтырушысы Алексей Ни. 

Оның атап өтуінше, бастапқыда-ақ олар ресейлік Надежда Евстюхинаны жарыс жолынан ығыстыруға тырысқан. «3 тамыз менің есімде жақсы сақтаулы. Дәл осы күні Бейжің Олимпиадасында Светаның жарыс жолына шығуына мүмкіндік бермеген еді. Біз дәл сол кезде келесі ойындарда осы медальді аламыз деп ант ішкен едік. Егерде сол кезде Светаны жарыс жолына шығарғанда, ол қазіргі уақытта өзінің спорттық мансабын аяқтар ма еді, кім білсін. Дегенмен, оның бірбеткейлігі, мінезі, ұстамдылығы арқасында біз дайындалдық», - деді А.Ни. 

Ол сонымен қатар осы ойындарда біздің спортшының әлем рекордын жаңарта алмағындығына өкініш білдіретіндігін де жасырмады. «Ол  164 келіні де көтере алар еді. Дегенмен біз сақтануды жөн көрдік. Алайда, жаңа рекордты Барон Коэнге арнар едік, олар осы жерден емес пе еді? Біздің қалай рекорд жаңартатынымызды көруі үшін», - деді Светаның жаттықтырушысы. 

Светлана Подобедованың өзі әлемдік рекордты жаңарту басты мақсаты емес екендігін мойындап отыр. Ең бастысы, ол Олимпиада алтынын ұтып алды. «Әлемдік рекордты жаңарту - маңызды емес, ең маңыздысы - Олимпиадалық ойындарда жеңу. Қиын болғаны рас, мен көп уайымдадым, алайда өз күшімнің жететіндігіне сендім, өйткені дайындығымыз өте жақсы болғанын бірнеше рет айтқанмын. Әсерімді қазір айтып жеткізе алмаймын. Зілтемірді соңғы рет көтергенде дабылды да естімедім, ұстап тұрарымды не түсірерімді де білмедім, төрешінің күлімсіреп, бас изегенінен кейін ғана түсірдім. Сол кезде ғана Олимпиада чемпионы атанғанымды ұқтым», - деді ол.

«Менің Қазақстанда тұрып, жұмыс істегеніме сегіз жыл болды. Мен бүгін бақыттымын. Бұл оңай жеңіс болған жоқ. Олимпиада ойындарын Әлем чемпионатымен, Азия ойындарымен салыстыруға келмейді. Біз әр күн сайын таңертеңгі оннан түнгі он екіге дейін үш мәрте жаттығамыз, сондықтан да бұл жеңісті кездейсоқтық деп айтуға болмайды. Мен Қазақстанда тұрғаныма бақыттымын, бұл менің екінші Отаным әрі бұл елді мен жақсы көремін!» - дейді Қазақстан ұлттық құрамасының кеңесшісі Энвер Туркелери.

Алтыннан үмітті тағы екі спортшы бар. Олар - жеңіл атлет Ольга Рыпакова мен боксшы Серік Сәпиев. Бүгін алғашқы ойындарын өткізген қос фаворит ел сенімін ақтап келесі кезеңге өтті. Үш секіріп қарғудан жарыс жолына шыққан спортшымыз Ольга Рыпакова іріктеу сынынан сәтті өтті. Спортшымыздың нәтижесі - 14,79 метр. Оның бұл көрсеткіші спортшылар арасында ең үздік болғанын атап өту керек. Ақтық сын 5 тамыз күні өтеді. Осы сайыс түрінен жарыс жолына шыққан тағы бір спортшымыз Ирина Эктова 13,39 метрге секіріп, 31-ші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова ағымдағы жылы  Нью-Йоркте өткен «Брилиантты лиганың» алтыншы кезеңінде бірінші талпыныстан-ақ 14,71 метрге секіріп, рекорд  жаңартып, алтын медаль иеленген болатын. Сонымен қатар Ольга осы лиганың  Дохада өткен бастапқы кезеңінде де 14,33 метр нәтижемен «алтын» олжалаған-ды.

Ал Серік Сәпиев жапондық боксшыға қарсы шаршы алаңға шығып, қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Бұл оған ширек финалға шығуына мүмкіндік берді. Үш кезеңде де өзінің басымдығын танытқан Серік, тіпті екінші раундта жапондық Ясухиро Сузукиді нокдаунға жіберді. Дегенмен, жапон спортшысы өзінің тәжірибесі арқасында жекпе-жекті соңына дейін жеткізе алды. Шаршы алаңдағы кездесу 25:11 есебімен С.Сәпиев пайдасына шешілді.

Ал дзюдодан ерлер құрамасы Қазақстанға бірде-бір жүлдесіз оралады. ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан қазақ елінің намысын қорғауға аттанған дзюдошыларымыздың ешқайсы да жүлделі орынды иелене алмады. Кеше 100 келіден жоғары салмақ санатында жарыс жолына шыққан спортшымыз Ержан Шынкеев те алғашқы айналымда тунистік қарсыласына есе жіберді. Еске салайық, Лондонға ел намысын қорғауға аттанған ерлер құрамасының сапында  Еркебұлан Қосаев (60 кг), Сергей Лим (66 кг), Ринат Ибрагимов (73 кг),  Ислам Бозбаев (81 кг), Тимур Болат (90 кг), Максим Раков (100 кг),  Ержан Шынкеевтер (+100 кг) болды.

3 тамызда дзюдошы қызымыздың да "алтынға" деген үміті үзілді, Гүлжан бразилиялық қарсыласынан ұтылып қалды. ХХХ жазғы ойындардың дзюдо турнирінде  жұбаныш белдесуіне шыққан спортшымыз Гүлжан Исанова бразилиялық Мария Суелен Алтеманға есе жіберіп қойды. Ширек финалда жапондық спортшыға ұтылған бразилиялық татами шебері жұбаныш белдесуінде Гүлжанға еш мүмкіндік бермеді. Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда біздің спортшы корейлік На-Йонг Киммен белдескен болатын. Олар негізгі уақытта тең күрескенімен төрешілер Жеңісті Гүлжанға берген еді. Ал ширек финалда дзюдошымыз Гүлжан Исанова ағылшындық спортшы Карина Брайнттан ұтылып қалды. 78 келіден жоғары салмақ санатында белдесетін Г.Исанова 2009 жылы Тайваньда өткен Азия чемпионында барлық қарсыластарын ұтқан болатын. Сондай-ақ ол Азия чемпионатының 3 қола, 1 күміс медалін еншілеген.

Қазақстанның тағы бір боксшысы үшін Олимпиада медалі арманға айналды. Лондон олимпиадасында 1/8 финалдық бәсекеде шаршы алаңға көтерілген былғары қолғап шеберіміз Ілияс Сүлейменов ұлыбритандық Эндрю Селбиге есе жіберді. 21 жастағы боксшымыз бастапқы екі кезеңде жазғы ойындар қожайынына есе жіберіп, тек соңғы үшінші раундта ғана тең жұдырықтасты. Осылайша 15:19 есебімен ұтылған спортшымыз Олимпиада жүлдесі жолындағы жарысын аяқтауға мәжбүр болды.

Сонымен қатар осынау додаға алғаш рет қатысып отырған жас жеңіл атлетшілер үшін бұл күн сәтсіз өтті. 3 тамызда қостанайлық желаяқ Марина Масленко Лондон Олимпиадасында 400 метр қашықтыққа жүгіруден алдын ала сайыста додадан шығып қалды. Жүгіру кезінде Марина 53.66 секундта мәре сызығын кесіп, өз тобында 6-көрсеткіш көрсетті. 400 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруде Виктор Лептиков квалификациялық раундта сүрінді. Ал Артем Косинов 3000 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруде біліктілік кезеңінен өте алмады.

Бұған қарамастан, Лондон Олимпиадасының алтыншы күні Қазақстан үшін өте жемісті болды. Қазақстан жалпыкомандалық есепте бір саты қайта жоғары көтерілді. Қазақ елі турнирлік тізімде Ресей мен Жаңа Зеландияны артқа тастап, 9-орынға жоғарылады.

9         Kazakhstan                    4      0        0        4

10      Russian Federation        3      9        8       20

11      New Zealand                  3       0        2        5

12      South Africa                    3       0        0        3

Соңғы жаңалықтар