Қазақстан тұрақты, қоғамымыз тату-тәтті болғандықтан дағдарысты еңсере алдық - Президент

АСТАНА. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан тұрақты, қоғамымыз тату-тәтті болғандықтан біз әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарысты еңсере алдық. Бүгін Астанада отандастарымызды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтау сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай атап көрсетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүкіл әлем қорқынышты дағдарысты басынан өткеріп жатқан кезде, біз өткен жылғы дағдарысқа қарсы бағдарламаны табысты іске асырдық. Біз тұрақты, тату-тәтті болғандықтан ғана бұл қорқынышты дағдарысты еңсердік. Біз экономикамыздың құлдыруына жол бермедік. Биыл біз елімізде дағдарысқа дейінгі кезеңде болған өсімге аяқ бастық. Бірінші тоқсанда Қазақстанның экономикасы барлық бағыттар бойынша дәйекті өсімді көрсетіп отыр», деді Елбасы.

Мемлекет басшысы биыл Қазақстан елімізді индустрияландырып, балама экономика құру жөніндегі маңызды міндетті шешуге кірісіп кеткенін атап көрсетті. «Біз енді 10 жылдан кейін Қазақстан екі есе мығым, күшті болуы үшін, халық қазіргіден де жақсы өмір сүруі үшін жұмыс жасап жатырмыз. Ол үшін біз мемлекетімізді, біздің өркендеген отанымызды құра отырып, бірге тату-тәтті еңбектенуіміз қажет», деді Президент.

Н. Назарбаев мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді жалғастыратынын, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайта бертінін атап көрсетті. «Осы дағдарыстан кейінгі бірінші жылы Қазақстан сияқты бірде-бір ел өзінің халқына көмектесіп жатқан жоқ. Ештеңеге қарамастан біз қаңтардың 1-нен бастап зейнетақыны 25 пайызға көтердік. Сәуірдің 1-нен бастап барлық бюджет қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көтерілді. Бүгінде адамдар өз мемлекетінің қамқорлығын сезініп жатыр», деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар