Қазақстан тұрғынында бірнеше пәтердің құнына тең автомобиль бар

Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына ҚР Ішкі істер министрлігінің жауабында айтылған.
Сонымен қатар, 507 лимузин мен жоғары сапада жабдықталған 123 автомобиль тіркелген екен. Люкс санаттағы көліктер арасында 78 Rolls-Royce, 32 Maybach, 12 Lamborghini және бір Bugatti Veyron бар.
Осы орайда, сирек кездесетін көліктердің бағасын анықтағанымызда, kolesa.kz сайтында 1979 жылғы Rolls-Royce-тің құны 17 млн. теңгеден басталады, ал 2016 жылы шыққан жаңа Wraith Sternenhimmel Traumkombination-ге 180 млн. теңгеге дейін сұрайды. Maybach - 17-60 млн. теңге, Lamborghini - 16 - 278 млн. теңге аралығында бағаланса, 2014 жылғы Bugatti Veyron 1 млрд. 700 млн. теңгеге сатылып жатыр.
Ретро-автомобильдерге тоқталатын болсақ, аталған сайтта 250-ден астам хабарландыру жарияланған. Бұл ескі көліктердің бағасы бірнеше миллион теңгеге дейін жетеді. Мәселен, 1950-1960 жылдары шығарылған «Волга» және «Москвич» маркалы автобильдер 150 мың теңгеден жоғары бағаға ұсынылуда.
1964 жылғы «Волга» ГАЗ-21, бағасы -5,1 млн. теңге
1961 жылғы «Волга» ГАЗ-21, бағысы -5 млн. теңге
1958 жылғы Москвич 407, бағасы- 3,6 млн. теңге
1954 жылғы Москвич 401, бағасы -3 млн. теңге
Мұнымен қоса, 1948 жылғы «Победа» ГАЗ 20 машинасы 6,5 млн. теңгеге ұсынылып отыр.
1911 жылғы Ford-тың бағасы 4,3 млн теңгеге бағаланған.
Ал 1952 жылы құрастырылған «ЗИЛ-110» автокөлігі үшін иесі 160 млн. теңге лайықты баға деген пайымға келген.
Жалпы, елімізде 4 млн. 425 мың 770 көлік құралы тіркеуде тұр. Оның ішінде 3 млн. 845 мың 301-і жеңіл автомобильдер. Осы арқылы 1 мың адамға шаққанда 250 көліктен келеді екен.