Қазақстан-түрікмен қатынастары сапалы жаңа мазмұнмен және серпінмен дамып отыр - ҚР Елшісі

деп хабарлайды Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің баспасөз қызметі.
Өз сөзінде А.Оразбай Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы әңгімеледі, мемлекет пен қоғамды жаңарту стратегиясының жүзеге асырылуына, жүргізілген конституциялық реформаларға тоқталды. Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төраға болып сайлануы еліміз өмірінің барлық саласында қол жеткен жетістіктеріне берілген жоғары баға, деп атап көрсетті қазақстандық дипломат.
Қабылдауда сөз алған Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Хыдыр Сапарлыев Түрікменстан Президенті Қ.Бердімұхаммедовтің жылы шырайлы құттықтауын жеткізді. Ол Қазақстанның көпсалалы экономикасы, дамыған өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы бар ел екенін атап өтті. Түрікмен вице-премьері Қазақстан мен Түрікменстанның достық және тату көршілік қатынастарының негізі екі ел халқының ортақ тарихи-мәдени тамырларында, көпғасырлық сауда және гуманитарлық қатынастарында, сондай-ақ бейбітшілікке, келісім мен әлеуметтік дамуға ұмтылысында жатқанын атап көрсетті. Қысқа мерзімде трансазиялық «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырының салынып, пайдалануға берілуі ойдағыдай ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып табылады, деді Х.Сапарлыиев.
Салтанатты кеште ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиев ән шырқады. Қабылдауға қатысушыларға бүгінгі Қазақстан туралы бейнефильм көрсетілді. Астана және Қазақстанның қазіргі табыстары туралы баяндайтын фотосурет көрмесі, қазақ ұлттық кәдесыйлары қонақтардың зор ынтасын туғызды,
Қабылдауға Түрікменстан мемлекеттік органдарының, шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері, қоғам және мәдениет қайраткерлері, журналистер, қазақ диаспорасы өкілдері қатысты.
Мереке құрметіне Түрікменстанның орталық басылымдарында Қазақстан туралы материалдар жарияланды, деп хабарлайды Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің баспасөз қызметі.