Қазақстан-Түркия парламентаралық ынтымақтастық мәселелері сөз болды

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лале Үлкер ханым мен ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер,
None
None

қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Қазақстан-Түркия парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Уәлихан Қоңырбаевтың кездесуі болып өтті.

Жүздесуде Қазақстанның тәуелсіздік алған тұстағы Түркия елінің алғаш рет құттықтап, қолдау білдіргені, екі мемлекет арасындағы саяси-экономикалық, рухани-мәдени, білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқаны туралы әңгіме қозғалды. Тараптар парламентаралық байланысты өркендете түсудің келешегі жайлы пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар