Қазақстан Украинамен қарым-қатынасты одан ары дамытуға дайын - Н.Назарбаев

«Сондықтан да біздің еліміз ахуалдың тез арада реттелуіне мүдделілік танытады. Шын мәнінде Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынас әркезде де достық пейілде болды. Біз соңғы жылдары көптеген бірлескен кәсіпорындар сала бастадық, көптеген бірлескен жобаларымыз да бар. Сондықтан орын алып жайтқан жайттар оған бөгет болмауы тиіс. Қазіргі ахуал мені қатты алаңдатады. Мен, ең бастысы, сіздің В.Путинмен тікелей көзбе-көз сөйлесуіңіз қажет деп санаймын», - деді Н.Назарбаев П.Порошенкоға қарата.
Мемлекет басшысы Ресей үшін де, Украина үшін де дәл қазір сын сағаты туындайтынын баса айтты.
«Бұл қантөгіс одан ары жалғасуы мүмкін емес, қарапайым адамдар зардап шегуде. Қазір дәл осы жайттарды айту қажет», - деді Н.Назарбаев.
ҚР Президенті Украинаның ЕО-мен қауымдастығы біздің елдеріміздің арасындағы сауда-саттыққа қандай әсері болатындығын да талқылау қажеттігін баса айтты.
«Біз игі қарым-қатынасымызды, сауда-саттығымызды жалғастырғымыз келеді және бізде бейбітшілік орнағанын қалаймыз. Қазақстанда Украинаны өте жақсы көреді. Үлкен украин диаспорасы - қазақстандық азаматтар бізде жұмыс істеуде. Бұл біздің елдеріміздің арасындағы көпір»,- деді Елбасы.