09:47, 04 Қаңтар 2012 | GMT +5
Қазақстан ҰҚШҰ төрағасы болды - ҚР СІМ
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Беларусь Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымындағы төрағалығын аяқтап, аталған қызметті Қазақстанға берді,
деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің атап өтуінше, ұйымдағы қазақстандық төрағалықтың басымдықтары қатарына ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық кеңістігін қорғау, Шұғыл әрекет ету ұжымдық күштерді дамыту, Орта Азиялық өңірдегі әуе кеңістігін ұжымдық қорғау, ҰҚШҰ-ның есірткіге қарсы стратегиясын қалыптастыру, Ұйым мүддесіне орай «Құзды қала - Астана» атты ҚР ТЖМ-ның оқу-жаттығу полигонның мүмкіндіктерін дамыту кіреді.
Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы ТМД-ға қатысушы елдер құрған әскери-саяси одақ. ҰҚШҰ-ға қазіргі уақытта Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.