Қазақстан Үндістанға қарқынды дамушы стратегиялық әріптесі ретінде қарауы тиіс - Үндістан Сыртқы істер министрі

СТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан Үндістанға қарқынды дамушы стратегиялық әріптесі ретінде қарауы тиіс. Бұл туралы бүгін Астанадағы Қазақстан-Үндістан бизнес-форумында Үндістанның Сыртқы істер министрі Соманахалли Маллайах Кришна айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, екі ел арасындағы қарым-қатынастар бүгінде қарқынды әрі табысты дамып келе жатыр. «Менің пайымдауымша, Қазақстан Үндістанға тек нарық ретінде ғана емес, сонымен бірге қарқынды дамушы стратегиялық әріптесі ретінде тыңғылықты қарауы тиіс», - деді министр. Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін жеткізген С. Кришна, бүгінгі форум барысындағы келіссөздер экономикалық байланыстарға елеулі үлес қосатынына үміт артты.

Айта кетейік, Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2009 жылы 253,3 миллион АҚШ долларына жетті. Оның ішінде 96,1 миллионы экспортты, ал 157,2 миллион доллары импортты құрайды. Бүгінде елімізде үндістандық капиталдың қатысуымен 207 бірлескен кәсіпорын бар.

«Биылғы жылы тауар айналымының көлемі арта түсетініне сенім білдіреміз. Қазақстан мен Үндістанның өсіп келе жатқан экономикалары өзара сауда қарым-қатынастарында бірнеше миллиард АҚШ долларына жетуі тиіс», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар