Қазақстан Үндістанмен әр салада ынтымақтастық орнатуға ниетті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы тұрғыда вице-министр фармацевтика, құрылыс, ІТ технололиялар салаларын дамыту бойынша аталған ел бизнесінің қатысуына Қазақстан қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.
«Кедендік одақтың құрылуына байланысты Үндістан тарапы қызығушылық танытып, қай салада қандай өнім шығару жөнінде зерделеу жұмыстарын жүргізуге келіп отыр»,- деді «Атамекен» одағы" Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев.
А. Перуашев Үндістанда соңғы 15-20 жыл бойы экономиканың өсімі жыл сайын 8 пайызды құрайтынын айта келе: «Алайда, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар әлі де тиісті деңгейге шыққан жоқ. Сондықтан қазіргі кезде екі ел де байланыстарды нығайтуға ниет білдіріп отыр»,-деді.
Айта кетейік, Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2009 жылы 253,3 миллион АҚШ долларына жетті. Оның ішінде 96,1 миллионы экспортты, ал 157,2 миллион доллары импортты құрайды. Бүгінде елімізде үндістандық капиталдың қатысуымен 207 бірлескен кәсіпорын бар.