Қазақстан үшін Солтүстік-Каспий жобасы әлемдік деңгейдегі кадрлардың ұстаханасына айналды - Нұрлан Балғымбаев

АТЫРАУ. 1 шілде. ҚазАқпарат - Біздің еліміз үшін Солтүстік-Каспий жобасы әлемдік деңгейдегі мамандардың нағыз ұстаханасына айналды,
None
None

деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» Салынып жатқан кәсіпорындар дирекциясының бас директоры Нұрлан Балғымбаев.

«Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде Қашаған кен орнын игеру бойынша жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталған кезде бізде ешбір тәжірибе болған жоқ. Жобаға шетелдік топ-менеджерлермен, мамандармен қатар жұмысшыларды да тартуға мәжбүр болдық. Осы жылдар ішінде жетекші әлемдік оқу орталықтарында жүздеген қазақстандық білім алып, мұнай компанияларында тағлымдамадан өтті. Бүгінде олар жоғары білікті мамандар: жұмысшылар да, орта деңгейдегі басқарушылар және топ-менеджерлер. Нәтижесінде жобаға тартылғандардың 802 пайызы қазақстандықтар болып табылады. Меніңше, бұл өте маңызды. Себебі келешекте бізде жаңа жобалар бар, енді оларды біз өзіміз де жүзеге асыра аламыз», - деп есептейді Н.Балғымбаев.

Еске сала кетейік, 30 маусым күні Атырау облысында Солтүстік-Каспий жобасының өндірістік жобаларын салтанатты түрде іске қосу шарасы өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Ұлыбританияның Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон қатысты.

Соңғы жаңалықтар