Қазақстан Ядролық зерттеулер ұйымымен ынтымақтастыққа мүдделі

Сенат Төрағасы мемлекетіміздің қазақстандық оқу және ғылыми-зерттеу ұйымдарының әлемдегі жоғары энергия физикасының лабораториясы болып табылатын CERN-мен тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Европалық ұйымның өкілдері өзара тиімді ынтымақтастықтың институттық базасын қалыптастырудағы жеке қолдауы үшін Сенат Төрағасына алғыс айтты.
Ш.Линдберг-Варакаулленің айтуынша, қазіргі кезде әзірленіп жатқан ынтымақтастықтың жаңа сипатында бірлескен зерттеу жобалары және мамандарды оқытумен қатар ауқымды мәселелер қамтылған.
CERN делегациясының Қазақстанға сапарының бағдарламасы бойынша энергетика, білім және ғылым министрлерімен кездесулер, «Назарбаев университетіне», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, Ядролық физика институты мен Физика-техникалық институтына бару жоспарланған.