Қазақстан заманауи өркениетті мемлекеттің үлгілі моделі болып табылады - Иордания Парламенті Сенатының төрағасы Тахер әл-Масри

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы халыққа Жолдауы елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де елеулі пікір туғызды. Агенттігіміз үшін Иордания Хашимит Корольдігі Парламентінің Сенат төрағасы Тахер әл-Масри бұл құжатқа өзінің түсіндірмесін берді.
None
None

«Ең алдымен өзінің өршіл талаптарымен, жетістіктерімен және бастамаларымен кеңінен танымал  Қазақстан халқын Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесімен құттықтағым келеді. Сондай-ақ әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан Қазақстанды қол жеткізіп отырған тұрақты экономикалық өсімімен құттықтаймын», - деп мәлімдеді Т. әл-Масри.

Иордания Сенатының спикері 2012 жылғы 27 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланған Қазақстан Президентінің Жолдауы оның көшбасшылық көрегендігін көрсетеді, бұл аса жоғары құрметтеуге лайық. Құжатта ол бүгінгі жаһандық болмысты түсіне отырып, онымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға тырысады, ұлттық экономиканы нығайтуға бағытталған жаңа шараларды қабылдай отырып, барлық деңгейде республика азаматтарының өмірін жақсарту үшін кірістерді бөлу жолдарын көрсетеді - бұл оның дана басшылығының басты көрсеткіштерінің бірі,.деген пікірін білдірді. 

Т. әл-Масри Жоғары Мәртебелі ҚР Президентінің жұмыспен қамту саласындағы саясатпен байланысты көзқарастары, оқытудың тиімді жүйесін құру және жас қазақстандықтарды еңбекке орналастыруға жәрдемдесу, елдің барлық аймақтарында кәсіпкерлік рухты және  бизнестегі бастамашылдықты ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдау және Қазақстанның әртүрлі аймақтарына инвестиция салу жөніндегі пікірлері нақты жағдайды терең түсіне білген және өсімнің жоғары қарқынына жетуге ұмтылған сарабдал саясаткердің ілгерішіл қадамдарын қуаттайды, деп атап көрсетті.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың өнеркәсіптік жобалардағы инновацияларды қолдау, ғылыми-зерттеулерді нығайту және ғылыми-зерттеу орталықтарының үздіксіз дамуы үшін қолайлы орта құру, университеттермен және барлық мемлекеттік секторлар арасында тиімді әріптестік орнату, Үкімет алдына қойылған «Бизнестің жол картасы-2020» жобасын дамыту және белсендіру, іскерлік және инвестициялық ахуалды нығайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көңіл бөлу, көптеген жұмыс орындарын ашу жөніндегі елеулі еңбектері біздер үшін шабыт көзі болмақ», - деп атап өтті Тахер әл-Масри.   

Біз Қазақстан Президентінің азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмысын жоғары бағалаймыз. Бұған қоса, өңірлерді дамыту саясаты, келешегі зор экономикалық аймақтарды қолдау үшін қажетті қаражатпен қамтамасыз ету, әрбір келешегі зор қалаларда арнайы өнеркәсіп құру, жергілікті өзін өзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін шешуге азаматтардың қатысу аясын кеңейту, сондай-ақ аймақтарды дамыту жұмыстарымен қатар әлеуметтік ахуалды жақсартуды да атап айтуға болады. Ел азаматтарына көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту, олардың мемлекет пен үкіметке деген сенімін нығайту, электронды үкіметті дамыту, азаматтарды ақпараттық технологияларды игеруге ынталандыру шаралары еліктеуге тұрарлық, - деді Тахер әл-Масри.

Ол Қазақстан Президентінің мемлекеттік басқаруды дамыту, Үкіметтің алдына ең биік талаптарды қою, жеке сектормен жоғары дәрежелі бәсекелестік және кәсіби деңгейде жұмыс істеу тәрізді ұмтылыстарын өте жоғары бағалады. Н.Назарбаевтың  заңның басымдылығын, сот жүйесінің әділдігін, ұйымдасқан қылмыспен күрестегі, жемқорлықтың барлық түрлеріне батыл тойтарыс беру, Үкімет жұмысының тазалығы мен ашықтығын қатаң қамтамасыз етуді талап етуі Қазақстанның озық үлгідегі дамыған мемлекет екенін қуаттайды.

«Қазіргі заманғы дамыған мемлекеттің ең басты құндылықтарының бірі болып саналатын сапа мәселесіне, әсіресе, адам ресурстарын сапалы дамытуға көңіл бөлуін де де жоғары бағалаймыз. Елдің даму бағдарламаларын жоғары деңгейлі білім беру мәселелерімен, лайықты өмір деңгейімен, оқу орындарын бітіргендерді жұмыспен қамтамасыз етумен ұштастыру, қазақстандық жастарды өздерінің ана тілін жетік білуімен қатар, әлемнің бірнеше тілдерін де меңгеруге шақыру сияқты қадамдар бізді толғандырады», - деп атап көрсетті Иордания Сенатының төрағасы.  

Т. әл-Масри денсаулық сақтау ісін дамыту, медициналық қызмет дәрежесін көтеру, жаңа ауруханалар салу, қазақстандықтарға лайықты әлеуметтік жағдай жасау және қамқорлыққа алу, ісік ауруларына қарсы тиімді күресуді талап етуді ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың заманауи мемлекет құру тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында мемлекет пен ұлттың барлық тетіктері мен буындарын, азаматтық қоғамды, жалпы және жеке сектордың жұмылдырылуын, ұлттық бірлікті нығайту қадамдарын жоғары бағалады.

«Біз Жоғары Мәртебелі Презденттің Қазақстанды әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесіне айналдырудағы елдің сыртқы саясатын әртараптандырудағы, достық көршілестікке, әлем елдерімен тығыз ынтымақтастық орнатудағы, халықаралық деңгейдегі бейбітшілікті нығайтудағы, жер шарын ядролық қарудан азат ету, дүниедегі дағдарыстарды еңсерудегі «G-Global 2020» бастамасын ұсынуына, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съездерін шақыруына, барлық халықтарды бірлесіп өмір сүруге және ықпалдасуға шақыруына да өзіміздің ризашылығымызды және жоғары бағамызды білдіреміз», - деп атап өтті Т.әл-Масри сөзін түйіндей келіп.

Соңғы жаңалықтар