«Қазақстан заңгерлер одағының» БҚО филиалы құрылды

ОРАЛ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы құрылды.
None
None

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің төрағалығымен және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткен жиында мұндай ұйымдардың көптеген елдерде бар екендігі айтылды. Мысалы, Украина мен Беларусь мемлекетінде заңгерлер одағы 1990 жылдан бері жұмыс істеп келеді, Ресей Федерациясында ол өткен жылы құрылды.

Фи­лиал төрағалығына Батыс Қа­зақстан об­лыстық Әділет депар­­таментінің бас­ты­­ғы Әсия Мұхи­това сайланды, ал Филиал кеңесінің құрамына БҚО сотының судьясы, Қазақстан судьялар одағы облыстық филиалының төрағасы Теміржан Нұғманов, Батыс Қазақстан облысы про­курорының орынбасары Әспенби Жарылғасов, Батыс Қа­зақстан облыстық адвокаттар алқасының төр­ағасы Ержан Қалиев, Батыс Қазақстан облысы аумақтық нотариалдық палатасының төрайымы Найля Елегенова, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, заң ғылымдарының канди­даты Клара Оңғарбаева енді.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сү­леймен өңірде құрыл­ған жаңа қо­ғам­дық ұйымның жұ­мысына сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар