15:11, 23 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстан және Австрия басшылары Венадағы көрмеде бірлескен бизнес жобалармен танысты
ВЕНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Венаға ресми сапарының аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрия Республикасының Федералдық Президенті Хайнц Фишер австриялық компаниялардың көрмесінде болды.
Көрмеде болу барысында мемлекет басшылары бірлескен қазақстандық-австриялық бизнес жобаларымен танысты.
Одан кейін тараптар бірқатар құжаттарға қол қойды, атап айтқанда, Қазақстандық-Австриялық іскерлік кеңесін құру туралы меморандумға, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Австрия Экономика палатасының экономиканы дамыту институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» АҚ мен австриялық «OMV» концерні арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.