Қазақстан және Қытай тараптары әскери инспекция өткізді

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Шекара ауданындағы сенім шараларын нығайту және қарулы күштерді қысқарту туралы «Мәскеу» және «Шанхай» келісімдерінің ережелеріне сәйкес, Қазақстан және Қытай тараптары кезеңдерінде Келісімдерді қолдану аймағында бөлімдер мен бөлімшелердің өзара әскери инспекциясын өткізді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Инспекциялардың мақсаты - шекараның екі жағынан да жүз шақырым аймақта орналасқан қару-жарақтар, әскери техника мен жеке құрам саны туралы жыл сайынғы әскери ақпаратты тексеру болып табылды.

Инспекциялық топтарға әскери бөлімдер туралы брифингтер өткізілді, инспекцияланатын бөлімдердің инфрақұрылымымен және жеке құрамның күнделікті қызметімен танысу мүмкіндігі берілді.

«Шекара ауданындағы қауіпсіздікті нығайтудың, тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудың аса маңызды құралы бола тұрып, жоғарыда көрсетілген Келісімдер өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстап тұруға қомақты үлес қосады. Екі инспекциялар да өзара түсіністік және ынтымақтастық жағдайында өтті, Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы өздерінің халықаралық міндеттемелерін орындағандықтарын растады»,-делінген ведомство мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар