Қазақстан және Ресей басшылары ҚР мен РФ VIІ аймақаралық ынтымақтастық Форумының пленарлы отырысы жұмысына қатысады
Екі елдің мемлекет басшылары Форум жұмысына қатысуды «Алтай» технопаркінің аумағында экспозициялары қойылған Шығыс Қазақстанның тауарөндірушілер көрмесіне қатысудан бастайды деп жоспарланып отыр.
Өскемендегі Форумда «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі физика-техникалық институты мен Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімінің Лазерлі физика институты арасында Лазерлі технология орталығын ұйымдастыру туралы келісімге, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті мен «Нанотехнологии-МТД» ЖАҚ арасында Нанотехнологияны енгізу саласында бірлескен орталық құру туралы келісімшартқа, С.Аманжолов атындағы ШҚОМУ мен А.Лорха атындағы картоп шаруашылығы Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты арасында Биотехнология орталығын құру туралы келісімшартқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядро орталығы мен «Курчатов институты» Ресей ғылыми орталығы арасында термоядролық синтез саласына зерттеу жүргізу туралы меморандумға, Шығыс Қазақстан Туристік қауымдастығы мен Ресейдің туристік индустрия одағы арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум мен тағы бірқатар құжаттарға қол қойылады.