14:56, 27 Қазан 2015 | GMT +5
Қазақстан жапондық компаниялардың «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуын құптайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жапондық компаниялардың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуде белсенді қатысуын құптайды. Бұл туралы бүгін Ақордада Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен келіссөздерден кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Қазақстан жапондық компаниялардың Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін белсенді қатысуын құптайды. Біз мәдени-гуманитарлық байланыстарды, достықты нығайтуда, екі ел халықтарының өзара сыйластығы тұрғысында өзара іс-қимылды кеңейту ортақ мақсатымыз болып табылатындығы жөнінде келістік»,- деді ҚР Президенті. Елбасы бүгінде Жапония мемлекетаралық өзара іс-қимылдың сәйкес сәулетін қалыптастыру үдерісінде, оның ішінде Орталық Азияда ең негізгі қатысушылардың бірі екенін атап өтті. «Осыған байланысты біз халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша сенімді пікір алмасуларды өткіздік», - деді Н.Назарбаев.