Қазақстан жастар одағына жаңа төраға тағайындалды
Түгел Бауыржанұлы бұл лауазымға келгенге дейін 2012 жылы Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығында сарапшы болып жұмыс жасады. Ал 2009-2011 жылдары «Заңғар» шығармашылық бірлестігінде төрағаның кеңешісі, 2011-2012 жылдары Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «студенттік үкімет» төрағасы қызметін атқарған болатын. Ол Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін және Корея Республикасының Кенг хи университетінде, «халықаралық қатынас» мамандығы бойынша білім алған болатын.
Түгел Нұрсұлтан тәуелсіздік жылдары ҚазКСР ЛКЖО деген атауын Қазақстан жастар одағы деп өзгерткен қоғамдық бірлестіктің соңғы 22 жылдың ішіндегі төртінші төрағасы болып отыр. Бұған дейін онда 1991-1994 жылдары Нұрлан Омаров, 1994-2004 жылдары Есенжол Алияров, 2005-2012 жылдары Әсет Тұрдықұлов төраға қызметін атқарған болатын.