Қазақстан жастарының 24,5 пайызы жастар ұйымдарына қатысады
«Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын республикалық жастар ұйымдарының үлесі 11,5, ал жастар ұйымдарының жұмыстарына қатысатын жастардың үлесі - 24,5 пайыз», - делінген ведомство хабарламасында.
Жастар саясаты және патриоттық тәрбие саласындағы шараларды жүзеге асыруға жастардың жалпы санының 26,7 пайызы белсенді ат салысады.
Өкілдікті органдарға дауысқа түсетін жастардың үлесі 3,9, жастар ұйымдарына қатысушылардың үлесі - 24,5 пайыз.
Бұдан басқа, үстіміздегі жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінде Жастар ісі жөніндегі комитет, облыстық деңгейде жастар саясаты жөніндегі өкілетті органдар, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.
Бүгінде республикада консультативтік-мәжілістік органдар жүйесі - ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктері жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестер жұмыс істейді.