Қазақстан Жайық өзенінің деңгейiн сақтау мақсатында оған Едiлдiң бiр саласын қосуды ұсынды

АСТАНА. 10 шiлде. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi Ерлан Нысанбаев Жайық өзенінің су деңгейiн сақтау мақсатында оған Едiлдiң бiр саласын қосуды ұсынды.
None
None

"2,5 мың шақырымға созылған Жайық өзенiнiң Қазақстан мен Ресей экономикалық iрi аудандарындағы рөлi аса зор. Өзеннiң тарылуы Каспий теңiзiнiң солтүстiк аумағындағы экожүйеге және биоресурстардың сақталуына үлкен әсер етедi. Әсiресе өте сирек кездесетiн бекiре тұқымдас балықтардың жоғалып кету қаупi бар. Жайық суының 78 пайызы Ресей аумағында толысады. Сондықтан өзеннiң төменгi сағасында орналасқан Қазақстанның су ресурстары шекаралас елден келетiн су көлемiне байланысты болып отыр. Талдау көрсеткенiндей, Жайықтың су ағыны күрт төмендеген. Бұл өз кезегiнде шекара маңындағы аймақтардың экономикалық дамуына, әсiресе экологиялық жағдайына керi әсерiн беруде. Жайықтың суы жылына 5 текше шақырымға азайып отырады. Бұл ең төменгi шек, осы шектен түсетiн болса, аймақта зардабы жойылмайтын экологиялық өзгерiстер орын алып, аталған жағдай үлкен апаттық салдарға алып келедi", - дедi Е.Нысанбаев бүгiн, 10 шiлде күнi Астанада өткен "Трансшекаралық Жайық өзенi бассейнiнiң өзектi проблемалары және оларды шешу жолдарының мүмкiндiктерi" атты конференцияда.

Оның айтуынша, қазiргi уақытта Ресей аумағында Жайық өзенi бойында жалпы көлемi төрт мың текше метр болатын 3 iрi су жинақтау қоймалары бар. Су деңгейiнiң жыл санап төмендеуiне үлкен әсер етiп отырған да солар.

"Орын алып отырған мәселенi шешу үшiн Жайықтың нақты жағдайын анықтау мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргiзiлуi шарт. Сонымен қатар Жайық өзенiн реттеуде Қазақстан мен Ресей елдерiнiң бiрлескен iс-қимылы қажет. Жайық өзенi бойындағы Ресейдiң Ириклинское және Башқұртстан аумағында бiрқатар су қоймаларын, сондай-ақ Ақтөбеде су жинақтау нысанын салар алдында су көлемiнiң есесiн қайтару мақсатында Едiл өзенiнiң бiр саласын Жайық өзенiне қосу жоспарланған болатын. Осы сұраққа қайта оралуды ұсынамын", - деп атап өттi вице-министр.

Соңғы жаңалықтар