14:58, 26 Мамыр 2016 | GMT +5
Қазақстан жыл басынан бастап көктемгі егістік жұмыстарына 43 млрд теңге бөлінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Аграрлық несие корпорация» АҚ 2016 жылдың басынан бастап 940 ауыл шаруашылығы өндірушілеріне несие берді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Бұл қарыздар агроөнеркәсіп кешенін қолдау үшін республикалық бюджет қаражатынан, Ұлттық қор, бюджеттен тыс қаражаттан берілді.
Бұл қаржы аграршыларға 2 млн га егіс егіп, оны жинап алуға мүмкіндік береді. Бүгінде жеңілдік несие түрінде қаржылай қолдауды Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстары, ШҚО, СҚО және ОҚО алды.