Қазақстанда 167 өрт сөндіру депосын салу қажет - Юрий Ильин

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда 167 өрт сөндіру депосын салу қажет. Бұл туралы ҚР ІІМ орынбасары Юрий Ильин Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева қатысуымен өтіп жатқан Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысында мәлім етті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтіп жатыр. Жиында «Азаматтық қорғау туралы»  Қазақстан Заңын іске асыру мәселелері талқыланды.

Отырыста басты баяндама жасаған ҚР ІІМ орынбасары Юрий Ильин ведомство алдында тұрған басты міндеттер мен проблемаларды айтты. 

«Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы аумағының өртке қарсы қорғалуын  423 өрт сөндіру бөлімшесі жүзеге асырады, алайда тағы 167 өрт сөндіру депосын салу қажет. Ведомство негізгі және арнайы мақсаттағы техникамен 34,5 пайызға жарақталған. Қосымша тағы негізгі техниканың 1,5 мыңнан астамы бірлігі және арнайы өрт сөндіру техникасының 1000-ға жуық бірлігі керек», - деді ҚР ІІМ орынбасары Юрий Ильин.

Сонымен қатар, ол жергілікті атқарушы органдар балансындағы жеке құралдарды жаңарту қажеттігін көтерді. Ю.Ильиннің айтуынша, жалпы республика бойынша жеке қорғану құралдарының 6,3 млн бірлігі жаңартуды талап етеді. Қазіргі уақытта ведомство балансында 7 млн жеке қорғану құралдары бар.

ҚР ІІМ орынбасары заңға сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың құзіретінде өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыру, оларды материалдық-техникалық жарақтау өкілеттігі көзделгенін атап өтті. Қазіргі уақытта заңға сәйкес, бірқатар елді мекендерде 100-ден астам өрт сөндіру бекеті ашылған. 

Ю.Ильиннің айтуынша, Астана қаласында, Алматы мен Қызылорда облыстарында қосалқы және жылжымалы басқару пунктерінің жағдайы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Сонымен қатар, ол жергілікті атқарушы органдар тарапынан аумақтық ТЖ қызметінің қажеттілігіне жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінгенін айтты.

«Жергілікті бюджеттен ТЖК аумақтық қызметтеріне 2,6 млрд теңге бөлінді. Қаражат бөлу бойынша Алматы облысы 750 млн теңге, Алматы қаласы 575 млн теңге, Маңғыстау облысы 417 млн теңге бөліп көш бастаса, жергілікті бюджеттен қаражат бөлу бойынша Солтүстік Қазақстан облысы  11,5 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысынан  12,4 млн теңге, Астана қаласы бюджетінен бар-жоғы 500 мың теңге ғана бөлген», - деді Ю.Ильин.

 Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Қазақстанда және шет елде өндірілген 28 тікұшақ үнемі қауіпсіздкті қамтамасыз етіп отырғанын айта кетті. Жалпы азаматтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде «112» телефонына негізгі күш түседі.

«2016 жылдың 9 айында «112» телефонына 3 млн 638 мың 799 телефон қоңырауы түсті. Оның ішінде «101» қызметіне 65 мың 820 адам қоңырау шалған», - деді ол.  

null null 

Соңғы жаңалықтар