Қазақстанда 2022 жылға дейін франчайзингтік қатынастардағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың үлесі 2-3 пайызға дейін өспек

АЛМАТЫ. 3 тамыз. ҚазАқпарат - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму-Көмек» бағдарламасы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға әртүрлі көмектер көрсетеді.
None
None

Оны қордың халықаралық ынтымақтастық және қашықтық консалтинг депаратаментінің директоры Зәуре Масғұтова Алматыда өтіп жатқан  «Әлеуметтік франчайзинг: мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін франчайзинг» деп аталатын республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.

Зәуре Советқызының айтуынша, «Даму-Көмек» бағдарламасы мүгедек кәсіпкерлерді  қаржылық көмек, мүліктік, консультациялық қолдау сияқты қажетті ресурстар туралы ақпараттық сауатын көтеру  арқылы қолдау мақсатында жасалған. Онда қор қаржыландыруды ұсынбағанмен, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлен мен  әлеуетті демеушілер және кредиторлар арасын жалғастырушылық қызмет атқарады.  Сондай-ақ қордың барлық аймақтық филиалдары мүгедек кәсіпкерлерге заңдық және бизнес жүргізу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

«Қор жанынан құрылған Франчайзингті дамыту ұлтық орталығы ұйымдастырған бұл конференцияның басты мақсаты - қоғам назарын мемлекеттік бизнесті дамытудың әлеуметтік қырларына аудару. Оған қол жеткізу үшін орталық 2022 жылға дейін мүмкіндігі шектеулі адамдардың қатысуымен болатын франчайзингтік қатынастардың үлесін  жалпы франчайзинтік қатынастрдың 2-3 пайызына дейін жеткізуді алдына мақсат етіп қойып отыр», - дейді З.Масғұтова.

Оның сөзіне қарағанда, қордан көмек сұраушылар көп жағдайда тігіншілік құрал-жабдықтарына, ұйымдастырушылық техникаларға өтініш беріп жатады. Мәселен олар 2,5 жылда өздеріне келіп түскен 800-ден астам өтініштің  470-сін қанағаттандырған.

Соңғы жаңалықтар